Өртті өзі сөндірмек болған ақтөбелік ауруханаға түсті

  • Өртті өзі сөндірмек болған ақтөбелік ауруханаға түсті


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Ақтөбеде жеке үйдің ауласынан шыққан өрт баспананың, құрылыс дүкенінің шатырына ұласты. Өртті өзі сөндірмек болған 38 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 16:29-да Ақтөбе қаласы, Жиенбаев көшесіндағы №44 жеке үйдің ауласы өртеніп, өрт үйдің және жалғасып салынған құрылыс дүкенінің шатырына ауысты. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 адам, 4 автокөлік жіберілді.

«Өрттің жалпы өрт алаңы — 200 ш.м. Өрт сөндіру барысында жапсарлас салынған дүкен және гараж көлігімен құтқарылды. Өз күшімен сөндіру барысында құлап, жарақат алған 38 жастағы ер адам жедел жәрдем қызметкерлерінің күшімен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Апаттар медицинасы орталығының мамандары 3 адамға психологиялық көмек көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Район ГМЗ

Публикация от Aktobe Zello — Official Page (@aktobe_zello) 19 Июн 2019 в 7:06 PDT


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/ortti-ozi-sondirmek-bolgan-aktobelik-auruhanaga-tusti_a3539852”

Похожие материалы (по тегу)