Шиелі тұрғыны өз ауласында асылып қалды


ШИЕЛІ. ҚазАқпарат — Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны өзінің ауласында асылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарауынша, тексеру барысында оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

«Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға себептері анықталуда», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shieli-turgyny-oz-aulasynda-asylyp-kaldy_a3507062”