ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

Апта апты­ғы

Әлем­та­пы­рық әлем


БҰҰ-ның Гаа­га­дағы халы­қа­ра­лық соты Укра­и­на­ның шағы­мы­на қаты­сты шара қол­да­нып, Ресей­ден қырым татар­ла­ры­ның құқы­қта­рын сақта­уды және мәжіліс қыз­метіне шек­те­уді алып таста­уды талап етті. Ресей билі­гі қырым татар­ла­ры­ның мәжілісін «экс­тре­ми­стік» деп танып, оған тый­ым салған еді.

Бұған қоса, сот аннек­си­я­ланған Қырым тұрғын­да­ры­на укра­ин тілін­де білім алуға мүм­кін­дік жаса­уын талап етті. Деген­мен, Кремль­дің Дон­бас­стағы жік­шіл­дер­ге қол­да­уы­на қаты­сты Ресей­ге шара қол­да­ну тура­лы Укра­и­на тала­бы қабыл­дан­ба­ды. Халы­қа­ра­лық сот Киев ұсы­нған дәлел­дер­ді мұн­дай шара қол­да­нуға жет­кіліксіз деп таны­ды. Гаа­га соты­ның шеші­мі ара­лық үкім ретін­де қабыл­да­на­ды, өйт­кені Киев­тің Ресей­ге қар­сы өтіні­ші енді ғана қара­ла бастай­ды. Киев Мәс­ке­уді БҰҰ-ның тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­руға қар­сы күрес және нәсіл­шіл­дік ала­ла­у­шы­лы­қтың бар­лық фор­ма­сын жою жөнін­де­гі Кон­вен­ци­я­ла­рын бұз­ды деп айып­та­ды. Мәс­кеу бұл айып­та­у­лар­ды жоққа шыға­рып отыр.